"Жаңбыр жауып, үсік жүреді". 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Ауа райы болжамы, 22 қыркүйек, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2025 14:57 Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан аумағы бойынша ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптикалық болжамға сәйкес, жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің тек шығыс өңірлеріне тән. Ал еліміздің қалған аумақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік өңірдің жекелеген аудандарында бұршақ жаууы да мүмкін.

Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрса, солтүстігінде қатты жел соғып, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Түнде Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында сынап бағаны 1 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

  • Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
  • Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл өңірінің батысында, солтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының орталығында, солтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге, атап айтқанда, 2025 жылғы 21-23 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: