"Аптап ыстық, нөсер жаңбыр, тұман". Еліміз бойынша 8 мамырға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, 8 мамыр, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2025 17:25 Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы 2025 жылғы 8 мамырда, бейсенбіде елімізде ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, республикамыздың шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Оңтүстік циклонның жүруіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-батыс өңірде нөсер жаңбыр болады... Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің күшеюі, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі. Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарының оңтүстік-батысында қатты ыстық болады". "Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ, гидрометеорологиялық орталық өзге қолайсыз ауа райы сипатын да атап өтті:

  • жоғары өрт қаупі – Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Абай облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Атырау өңірінің оңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Ақтөбе өңірінің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай өңірінің орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, солтүстік-батысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Жетісу облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында;
  • төтенше өрт қаупі - Түркістан облысының батысында, шөлейтті аудандарында, Қызылорда облысының орталығында,  шығыста, Жамбыл облысының батысында.

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде, 2025 жылғы 8-10 мамыр аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: