Астана, Алматы, Шымкент: 8-10 мамырға арналған ауа райы болжамы

Астана
8 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +12...+14°C, күндіз: +28...+30°C.
9 мамыр: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Оңтүстік - батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +15...+17°C, күндіз: +25...+27°C.
10 мамыр: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұстағы екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +22...+24°C.
Алматы
8 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +16...+18°C, күндіз: +31...+33°C.
9 мамыр: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Ауа температурасы түнде: +17...+19°C, күндіз: +28...+30°C.
10 мамыр: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде: +15...+17°C, күндіз: +23...+25°C.
Шымкент
8 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұстағы екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +19...+21°C, күндіз: +33...+35°C.
9 мамыр: аспан бұлтты, түнде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 8-13 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +17...+19°C, күндіз: +26...+28°C.
10 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұстағы екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +15...+17°C, күндіз: +27...+29°C.
Қазақстанның бірқатар облыстарында 2025 жылдың 7 мамырында синоптиктер дауылды ескерту жариялады.