"Жаңбыр, тұман, қатты жел". Еліміз бойынша 20 наурызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы бейсенбіде, 2025 жылдың 20 наурызында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, еліміздің батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, Қазақстанның орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты жаңбыр жауады", - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Сондай-ақ, республикамыздың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында желдің күшеюі, солтүстігінде көктайғақ сипатындағы табиғи құбылыстар күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер 2025 жылы 20-22 наурыз аралығында Қазақстанға тағы да аязды күндер қайта оралатынын ескерткен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript