Жаңалықтар тізбегі
0

"Қатты жел тұрып, жаңбыр жауады". 20 тамызға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, 20 тамыз, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 21:44 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК 2024 жылдың 20 тамызында Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

"Найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады, жаңбыр жауады деп күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады. Тек республикамыздың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман болады". "Қазгидромет" РМК

Синоптиктер күндіз Атырау облысында қатты ыстық болатынын болжайды. Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Маңғыстаудың батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау өңірінің солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер 2024 жылы 20-22 тамыз аралығында республикалық маңызы бар қалаларда ауа райы қандай болатынын жариялаған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: