Жаңалықтар тізбегі
0

"Жел тұрады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады". 15 тамызға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Қазақстан, 15 тамыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2024 18:44 Сурет: pexels
Синоптиктер алдағы бейсенбіде, 2024 жылдың 15 тамызында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжамға сәйкес, республика бойынша тән ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі және дауыл тұрады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады... Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Түркістан облысының шөлейтті аудандарында қатты ыстық болады". "Қазгидромет" РМК

Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау және Жетісу өңірлерінің шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік, шығыс, орталық бөліктерінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында, Маңғыстау өңірінің батысында, Алматы облысының оңтүстік жартысында өрт қаупі жоғары болады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Ақтөбе өңірінің оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 15, 16 және 17 тамызға арналған ауа райы болжамымен бөлісті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: