Қазақстанда бетперде тағу режимінің күші жойылды

Бетперде, тағу режимі, Қазақстан, COVID-19, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2024 20:52 Сурет: pixabay
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова "Ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу бойынша профилактикалық шараларды күшейту туралы" 2024 жылғы 8 ақпандағы қаулысының күшін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың эпидемиялық маусымының аяқталуына байланысты қаулының күші жойылғаны көрсетілген.

"Ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2024 жылғы 8 ақпандағы No 2 қаулысының күші жойылсын", делінген 24 сәуірдегі қаулы мәтінінде.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

9 ақпанда құжатта мына жағдайлар қамтылғаны хабарланды:

  • медициналық ұйымдарда мекеме қызметкерлері мен мекемеге келушілердің медициналық бетпердені тағуы, антисептиктердің болуы;
  • Covid-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ-дың алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Сондай-ақ, халық көп жиналатын орындарда медициналық немесе шүберек бетперделерді қолдану ұсынылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: