Жаңалықтар тізбегі
0

Азамат пен Аружан – Қазақстандағы ең танымал қазақ есімдері

халық санағы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2024 17:38 Сурет: Zakon.kz
2021 жылғы санақ кезінде Қазақстанда Азамат есімді 63 мың ер адам және Аружан есімді 73 мың әйел тұрған. Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстан халқы арасында танымал есімдер туралы деректі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарияланымдағы деректерге сәйкес, 10 реттен көп кездесетін 33 мыңнан астам есім және 100-ден астам рет кездесетін 29 мың тектің бары анықталды. Сондай-ақ, электронды кестеде қазақтардан кейін Қазақстанда көп деп саналатын орыс және өзбек ұлтының танымал есімдері мен тектері көрсетілген.

10 000-нан астам рет 136 ер және 146 әйел есімдері кездеседі. Осылайша, ер адамдар арасында ең танымал есімдер Азамат (63 мың адам), Серік (53 мың адам), Марат (50 мың адам), әйелдерде – Аружан (73 мың адам), Мадина (59 мың адам), Динара (59 мың адам) болды.

Ерлер мен әйелдер арасында бір мезгілде танымал болған есімдер – Бақыт пен Сәулет. Ерлерге де, әйелдерге де тән есімдері бар адам саны – 585 мың.

есім, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2024 17:38

Сурет: stat.gov.kz

Қазақ ер есімдеріне ең көп жалғанған сөздер – "бай", "бек", "жан", "хан" болды. "Бек" өткен ғасырда өте танымал болғанымен, 2000 жылдардан кейін бәсеңдей бастады. Бұл ретте құрамында "хан" сөзі бар есімдер соңғы 30 жыл бойы тұрақты түрде өсім көрсетіп келеді.

есім, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2024 17:38

Сурет: stat.gov.kz

Әйел есімдерінде ең жиі кездесетін "гүл" сөзі 1950 жылдардан бастап 2000 жылдарға дейін өте танымал болған.

есім, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2024 17:38

Сурет: stat.gov.kz

Электронды кесте деректеріне сәйкес, қазақтардың қысқа есімдерді көбірек ұната бастағанын да байқауға болады. Бір қызығы, 70-80 жылдарды қоспағанда, ерлердің есімдері әйелдердікінен ұзағырақ болған.

есім, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2024 17:38

Сурет: stat.gov.kz

Қазақстанда 10 000-нан астам рет 69 қазақ тегі кездеседі. Осылайша, қазақтың алғашқы тектер үштігіне Ахметов (56 мың), Серік (39 мың), Омаров (36 мың) кіріп отыр. Қазақтар арасында ов, ев, ин (ова, ева, ина) жалғауларына аяқталған тектер үлесі 64% құрайды. Алайда, әр жылы туғандардың тектерін талдасақ, аталған жалғаулары бар тектер үлесінің азаю динамикасын байқауға болады.

есім, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2024 17:38

Сурет: stat.gov.kz

Сондай-ақ диаграммаға қарап, көптеген қазақстандықтың әкесінің аты дегенде -вич, -вна жалғауларынан гөрі ұлы/қызы дегенге көшіп жатқанын көруге болады.

есім, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2024 17:38

Сурет: stat.gov.kz

Сондай-ақ Қазақстанда атымен де, тегімен де аттас азаматтар саны аз емес. Осы ретте Серік Ахметов (415) пен Айзере Серік (517) деген есімі мен тегі бірдей адамдар ең көп.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: