Депутат республикалық су комиссиясын құруды ұсынды

су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2024 21:04 Сурет: akorda.kz
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға арналған "Біз біргеміз" ұлттық телемарафоны эфирінде заңсыз жекеменшікке өтіп кеткен бөгеттерді қайтару үшін республикалық су комиссиясын құруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Базарбек алдағы уақытта Қазақстанда ірі су тасқыны қаупін барынша азайтатын шараларды айтты.

"Бірінші кезекте жер комиссиясы сияқты республикалық су комиссиясын құру қажет. Жер комиссиясы бар екенін білесіздер. Оның жұмысының нәтижесі бойынша мемлекетке 10 млн га қайтарылды. Су комиссиясы шеңберінде өз уақытында су объектілерін – су қоймаларын, бөгеттерді (жекеге өткен – ред.) тексеру қажет. Прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Су ресурстары министрлігі өкілдерінің, парламент депутаттарының қатысуымен тексеру қажет. Заңсыз берілген объектілерді, сондай-ақ қызмет көрсету шаралары жүргізілмейтін объектілерді мемлекетке қайтару қажет", - деп атап өтті мәжілісмен.

Сонымен қатар ол ғарыштық мониторинг жүргізуді, су ресурстарын басқару жүйесін автоматтандыруды, су және жер кадастрларын біріктіруді ұсынды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: