Үкімет: Алдағы бірнеше айда көкөніс қымбаттамайды

Үкімет: Алдағы бірнеше айда көкөніс қымбаттамайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 12:12 Сурет: Zakon.kz
Алдағы 2-3 айда көкөніс қымбаттамайды. Үкімет маусымаралық кезеңде бағаның өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады.

Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш апта қатарынан төмендеп келеді.

Әсіресе, қарақұмық жармасы, пияз, күнбағыс майы, ұн және басқа да өнімдер арзандаған.

Көкөністер Қазақстан нарығына "жасыл дәліз" арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімдірек бағамен жеткізілмек.

Ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін Премьер-Министр келісім-шарттарды уақтылы бекітуді және өнімнің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: