Жаңалықтар тізбегі
0

ЖОО педагогтары мен қызметкерлерін көтермелеу: жүйе бекітілді

ЖОО педагогтары мен қызметкерлерін көтермелеу: жүйе бекітілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 13:17 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы заңнамасын әзерледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

. Көтермелеу жүйесі мынадай көтермелеу түрлерінен тұрады:

1) "Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғысы";

2) "Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы";

3) "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы;

4) "Ғылым үздігі" құрмет дипломы;

5) "Тіл жанашыры" құрмет дипломы.

Тұлғаларды көтермелеуге ұсыну алдыңғы көтермелеуден кейін үш жылдан ерте болмауы тиіс.

Бір адамға Көтермелеу жүйесінде көзделген негіздер бойынша марапаттауға бір ұсыныс енгізіледі.

Көтермелеу туралы ұсыныстар "Республика күні" ұлттық мерекесін, мемлекеттік мерекелерді, "Ғылым қызметкерлері күні" кәсіби мерекесін және мерейтойлық күндерді мерекелеуге орай қарастырылады.

Марапаттауды Министрліктің басшылығы немесе оның тапсырмасы бойынша басқа лауазымды адамдар салтанатты жағдайда жүргізеді және наградталушыға жеке өзі тапсырады.

Бұйрық 2024 жылғы 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: