Imanbek ҚР Президенті күзеті қызметіне арналған бейнебаянның аранжировкасын жасады

Бейнебаян, Imanbek, ҚР Президенті күзеті қызметіне арналған, аранжировка, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 22:55 Сурет: видеодан алынды
"Грэмми" сыйлығының иегері Иманбек Зейнеков Президенттік оркестрдің "ABYROY" тобы орындайтын патриоттық хит-ән - "РУХ" композициясына арналған бейнебаянның аранжировкасын жасауға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған бейнебаян туралы ақпарат ҚР Президенті күзеті қызметінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Көптен күткен оқиға! ҚР Отан қорғаушылар күніне арналады! Бірінші болып көр! Президенттік оркестрдің "ABYROY" тобы орындайтын патриоттық хит-ән - "РУХ" композициясының клипінің тұсаукесері! Толық нұсқасы ҚР МКҚ-нің Youtube хостингіндегі парақшасында жарияланды. Сілтеме осы парақшаның биосында!Бейнеклипте Қазақстанның арнаулы және әскери құрылымдарының жауынгерлік күштерінің іс-қимылы бейнеленген", делінген бейнебаян сипаттамасында.

Режиссері - Еламан Буралкиев. Әуеннің клипке арналған аранжировкасын жасауға Иманбек Зейкенов қатысқаны да нақтыланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: