Алматыда мопед жүргізушісі бар жылдамдықпен көлікпен соқтығысты: зардап шеккендер бар
Сурет: Zakon.kz
Алматыда 5 мамырға қараған түні Әуезов көшесі мен Бұқар жырау даңғылының қиылысында тағы бір жол апаты болды. Toyota Avensis көлігімен соқтығысқан мопедист ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түнде Әуезов көшесінің бойында оңтүстік бағытта автомобильдер ағыны болған. Бағдаршамның жасыл түсі жанғаннан кейін Toyota Avensis автокөлігі қозғала бастаған, жүргізуші қиылысқа шығып үлгергенде, Бұқар жырау даңғылымен батыс бағыт бойынша жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатқан мопед соқтығысып қалды.
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
Салдарынан мопед пен оның жүргізушісі алысқа ұшып кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, мопед жүргізушісі шамамен 16 жаста. Ол ауыр жарақат алып, ауыр халде жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript