Ақтөбе облысында жағалауды нығайту жұмыстары түнде де жалғасуда
Сурет: primeminister.kz
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құйлыс ауылында кеш болғанына қарамастан әскери қызметкерлер Торғай мен Ырғыз өзендерінің жағалауын нығайтып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, қазір осы екі өзеннің қиылысында инертті материал толтырылған қаптарды төсеу белсенді жүргізілуде.
"Біздің әскери қызметшілер су басуы мүмкін аумақты су тасқынынан қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істеуден жалықпайды", - деп жазылған ақпаратта.
Бұған дейін су тасқыны басталғаннан кейін 50 мыңға жуық қазақстандық үйлеріне оралғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript