Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда халық жаппай демалатын орындарда кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді

Кенеге қарсы өңдеу жұмыстары, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2024 21:13 Сурет: Алматы қалалық СЭБД
Алматы қаласында орман алқаптарын, халықтың жаппай демалатын жерлерін - саябақтарды, скверлерді кенеге қарсы өңдеу жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, 2024 жылдың 5 мамырдағы жағдай бойынша барлығы 2237,684 гектар (94,5%) өңделді, оның ішінде орман алқаптары – 1904,924 гектар жалпы алаңнан 1776,048 гектар (93,23%), қаланың барлық аудандарындағы қалалық саябақтар мен скверлерде жұмыстар аяқталды.

"Кене белсенділігі маусымы басталғаннан бері 2024 жылдың 5 мамырдағы жағдай бойынша 518 адам кене шағуымен медициналық ұйымдарға жүгінді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға төмен (579 адам). Тістеген 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 53,4% (277 бала) құрады. Барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетілді, көрсеткіштер бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин енгізілді. Ағымдағы жылдың басынан бері кене инфекцияларының жағдайлары тіркелген жоқ", делінген хабарламада.

Мамандар кене шағып алған жағдайда мүмкіндігінше ертерек (кене шаққааннан кейін 4 күннен кешіктірмей) медициналық мекемелердің (травматологиялық пункттерге) көмегіне жүгіну керектігін, онда оларға білікті медициналық көмек көрсетіліп, кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізілетінін айтады.

Қалада кене шағудан зардап шеккендерге жедел көмек көрсетіп, кене энцефалитіне қарсы иммноглобулин егу төмендегі медициналық ұйымның травмотологиялық пункттерінде жүргізіледі:

  1. Орталық қалалық клиникалық ауруханасы (Жандосов көшесі, 6);
  2. Шұғыл жедел көмек көрсету ауруханасы (Казыбек би көшесі, 96);
  3. №4 қалалық клиникалық аурухана (Папанин көшесі, 220);
  4. №7 қалалық клиникалық аурухана (Қалқаман ықшам ауданы, Райымбек даңғылы, 20);
  5. балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы (Манас көшесі, 40).


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: