Ақтүтек боранда жол көрсету үшін 18 шақырым жаяу жүгірген ақтөбелік құтқарушы марапатталды
Бүгіндері Мұғалжар ауданында құтқарушы болып жұмыс істейтін ол кезде айналаның көріну деңгейі нөл болғанын айтады. Сол ақпан айында оларға Басшилі ауылында егде әйелге медициналық көмек қажет екендігі, оны шұғыл аудандық ауруханаға жеткізу қажеттігі туралы хабарлама түскен. Қолайсыз ауа-райына байланысты төрт құтқарушы шана мобильмен жолға шығады, деп жазады Диапазон басылымы.
"Қар жауып, ақтүтек боран борап тұрды. Айнала, жол көрінбейді, шана мобильдің жолдан шығып кету қаупі бар. Сондықтан біз кезек-кезек сыртқы шығып, "Трэколдың" алдына түсіп алып жүгірдік, жүргізушіге жол көрсеттік, осылайша ауылдың өзіне дейін 18 шақырым жүрдік. Кері қарай да дәл солай жасадық. Боран тек түнде ғана сейілді, - деп еске алады Нұрболат Тәжіғұлов.
Ол өңіріндегі орден өзінің ғана емес, әріптестеріне де тиесілі екенін айтады.
28 жастағы Нұрболат 8 жыл қызметі барысында қанша адамды құтқарғаны есінде жоқ екенін айтады. Ол Қандыағашта туып-өскен. Бала кезінен нағыз ер адамның мамандығы туралы армандаған, сондықтан әскерден келгеннен кейін ТЖД-ға келіп жұмысқа орналасқан, ЖОО-ны сырттай бітірген.
"Отбасында төртеуміз, әпкем және екі ағам бар. Ал өзім әлі үйленген жоқпын. Марапаттау рәсіміне бардым, Астанаға алғаш рет бардым, - деп күледі Ақтөбе облыстық ТЖД-ның бөлім командирі Нұрболат.