Бассейнде суға батқан жасөспірімді құтқарған ҚАЖД бастығы "Айбын" орденімен марапатталды

бассейн, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2024 15:15 Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, ҚАЖД бастығы бассейн түбінде жасөспірімнің жатқанын байқап, бірден суға секіріп, баланы сыртқа алып шығып, жедел жәрдем келем дегенше жасанды тыныс алу жаттығуларын жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Дер кезінде көмек көрсетуінің арқасында ес- түссіз жатқан жасөспірім бала аман қалған еді.

Шаймерден Есенкелдиев 2020 жылдан бері ҚАЖ департаментінің бастығы қызметін атқарып келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: