Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2024 09:53 Сурет: Zakon.kz
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті. 10-20 мамыр аралығында Алматы полициясы күшейтілген түрде қызмет етеді.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында полиция жасақтарының тығыздығы арттырылды.

"Қылмысқа мүлдем төзбеушілік" қағидаты аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралауда.

Полиция, сонымен қатар көші-қон заңнамасын, соның ішінде құрылыс және сауда салаларында құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ азаматтық қару иелері мен полицияның профилактикалық есебінде тұрған адамдарды тексеру жүргізіліп жатыр. Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлаумен, пәтер тонаумен, ұрлықпен және т.б. айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша ПД-ның жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді.

"Құқықтық тәртіп" іс-шарасы – бұл қылмыстық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге бағытталған ауқымды шара.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: