Бишімбаев ісі: тараптар алқабилерге сұрақтар дайындады
Бүгін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысында тараптар алқабилердің қатысуымен сот шешімін табатын мәселелерді талқылап, тұжырымдады.
"Тараптардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, төрағалық етуші алқабилердің соңғы сұрақтар тізімін жасау үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Алқабилердің қатысуымен сауалнаманың жариялануы 13 мамыр күні сағат 9:30-да болады", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Алқабилердің барлығы сот отырысына қатысушылар өздеріне қатысты мәселелерді талқылайтындықтан, сот залынан шығарылғаны бұрын хабарланған болатын.
2024 жылдың 2 мамырында сот сот тергеуінің аяқталып, тараптар арасындағы пікірталасқа көшкенін жариялады. Айыптаушы тараптың ұстанымын прокурор Айжан Аймағанова айтты. Артынша Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қазылар алқасына сөз сөйлеп, әділдік сұрады.
Сондай-ақ, сотта жәбірленушілердің адвокаты Жанна Уразбахова сөз сөйлеп, Бишімбаев пен Байжановтың кінәсі айыптаушы тарап ұсынған айғақтармен толық дәлелденгенін айтты. Заңгер Дамир Ишмаметов те осындай пікірде.
Қорғаушының ұстанымын Ләйлә Рамазанова айтты. Жарыссөзде заңгер Ерлан Ғазымжанов та сөз сөйледі. Ол Салтанат Нүкенованы өлтіруде Қуандық Бишімбаевтың еш пайдасы жоқ деп есептейді. Сотта сөйлеген сотталушының анасы Альмира Нұрлыбекова Салтанат Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады.