Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашар болатыны ескертілді

Ауа сапасы, нашар, Ақтөбе, Атырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 09:18 Сурет: freepik
Сенбі, 11 мамырда синоптиктер Қазақстанның екі қаласында ауадағы зиянды қоспалардың мөлшері жоғарылауы ықтимал екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, Ақтөбе мен Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тіркеледі деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Мұндай ауа райы кезінде:

  • көшеде, әсіресе, тас жол бойында жүрмеу керек;
  • балалар мен жүкті әйелдердің ұзақ уақыт серуендемегені жөн;
  • созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергияға шалдыққан адамдар өздерімен бірге дәрі-дәрмегін алып жүруге тиіс;
  • таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;
  • дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: