Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз ауа райы, Алматы, Петропавл, ауа сапасы нашарлайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2024 09:46 Сурет: Zakon.kz
23 маусым, жексенбіде синоптиктер Қазақстанның екі қаласының атмосферасында зиянды қоспалардың мөлшері көп болуы ықтимал екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Мамандардың айтуынша, 23 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматыда, сондай-ақ түнде Петропавлда тіркеледі.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымырсық, желдің болмауы, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: