14 мамырдағы саудада доллар бағамы қалай өзгерді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 440,90 теңгені (-0,07) құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Юаньнің орташа сараланған бағамы сәл төмендеп, 60,84 теңгені (-0,01) құрады.
Ұлттық банк еуро бағамын 475,36 теңге, рубльді 4,82 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 441,1-442,7 теңгеге, еуро 475,5-479,5 теңгеге, ресей рублі 4,77-4,87 теңгеге сатылуда.
Ал 14 мамырдағы аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында шілдедегі Brent фьючерстерінің құны 0,34%-ға арзандап, барреліне 83,08 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстері 0,35%-ға төмендеп, барреліне 78,84 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript