Жаңалықтар тізбегі
0

ДСМ еліміздегі медициналық оқу орындарында студенттерді даярлау сапасының төмен екендігін айтып, дабыл қағуда

ДСМ еліміздегі медициналық оқу орындарында студенттерді даярлау сапасының төмен екендігін айтып, дабыл қағуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 15:13 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі бүгін, 2024 жылғы 15 мамырда медициналық ЖОО-да кадрларды даярлау сапасына төмен деген баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство атап өткендей, қазіргі уақытта медициналық білім беру саласындағы анағұрлым өзекті мәселелердің бірі медициналық жоғары оқу орындарында білім алушы студенттер санының шамадан тыс көп болуы. Бұл білім беру ресурстарының үлкен жүктемесі және білім беру сапасының төмендеуі сияқты бірқатар теріс салдарға әкеледі.

"Ақылы негізде білім алатын студенттерді шамадан тыс қабылдау білім беру ортасына да, оқытушылар құрамына да, ең бастысы болашақ медицина мамандарын даярлау сапасына да әсер етеді. Бұл фактор қоғамның медицинаның білім беруіне деген сенімін төмендетуде және денсаулық сақтау жүйесі үлкен сынға түсуде".Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі білім беру санын емес, сапасын арттыру мақсатында студенттерді ақылы оқуға қабылдауға квота енгізу мәселесін қарастыруда. Бұл мәселе бүгін Министрлік басшылығының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен ведомство алқасының отырысында талқыланды.

"Медициналық білім беру бағдарламасы демографиялық процестерді және дамушы денсаулық сақтау жүйесінің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, алдағы 10 жылда қалыптастырылатын болады",- делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда медициналық білім берудің орнықты және сапалы өсуін қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі тараптарды сындарлы ынтымақтастыққа шақырады.

Айта кетейік, 14 мамырда Вячеслав Дудник денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: