Оқушылар мен колледж студенттері қорытынды емтихандарды қай кезде тапсыра бастайды

Қорытынды емтихан, оқушылар, колледж студенттері, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 18:25 Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева 2024 жылы 15 мамырда ОКҚ-да өткен брифинг барысында мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің емтихан тапсыратын уақыттарын атап көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, 5-8, 10 сынып оқушыларына арналған емтихандар 27 мамырдан басталады. Ең алдымен, қазақ тілінен емтихандар болады.

"9 сынып оқушылары мемлекеттік емтихандарды 29 мамыр мен 10 маусым аралығында тапсырады. 11 сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 28 мамырдан 11 маусым аралығында өтеді. Аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру 12-15 маусым аралығына жоспарланған", - деп атап өтті Наталья Жұмаділдаева.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері үшін қорытынды аттестаттау 28 маусымға дейін болады, ал диплом тапсыру рәсімі 28 маусым мен 1 шілде аралығын қамтиды. 

Бұған дейін ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметі 25 мамырда барлық мектепте оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтетінін хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: