Жаңалықтар тізбегі
0

"Азық-түлік корпорациясының" екі қызметкеріне пара алғаны үшін 48 млн теңге айыппұл салынып, сотталды

"Азық-түлік корпорациясының" екі қызметкеріне пара алғаны үшін 48 млн теңге айыппұл салынып, сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2024 10:49 Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі
Астанада "Азық-түлік корпорациясы ҰК" АҚ қаржы департаментінің директоры мен бас маманы сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

16 мамырдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ақпаратынша, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен "Азық-түлік корпорациясы ҰК" АҚ қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов және бас маманы Г.Ж. Әбенов сотталды. Олар кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алды деп күдіктенді.

"Сотталғандарға қатысты сот шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды",- делінген хабаралмада.

Олар айыппұлды белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатынын айтты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: