Шымкентте жүк көлігі жүргізушілеріне 100 миллион теңге айыппұл салынған

Шымкентте ауыр жүк көлігі жүргізушілерінің жол ережелерін бұзу дерегі жиілеген.
Көліктік бақылау испекциясының дерегініше, биыл жыл басынан бері 800-ден аса осындай құқық бұзушылық анықталып, айыппұл салынған.
Оның дені автокөлікке шамадан артық жүк тиеген, деп жазады qazaqstan.tv.
Сондай-ақ рұқсат құжатының жоқтығына қарамастан халықаралық жүк тасымалымен айналысып, оған қатысты талаптарды бұзғандар да көп.
Құзырлы органдар ереже бұзған көлік жүргізушілеріне биылғы жылдың 5 айының өзінде 100 миллион теңгеден астам айыппұл салды.
Ауыр жүк көліктерінің ережеге сай қозғалуын реттеу мақсатында аймақта рейдтік шаралар жүріп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript