Алматы облысында полицейлер көлік тасымалдаушы алаяқтарды ұстады

Алматы облысында полицейлер көлік тасымалдаушы алаяқтарды ұстады , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2024 13:27 Сурет: ҚР ІІМ
2 мамырда Астана қаласының тұрғыны Қарасай аудандық полиция басқармасына арызданған, ол өз арызында белгісіз азамат өзін автокөлік тасымалдау компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, Changan UNI-K автокөлігін иемденгені туралы арызданды.
"Тергеу барысында жәбірленуші Астанадан мегаполиске көлік сатып алу үшін ұшып келгені белгілі болды. Көлікті сатып алғаннан кейін интернет желісі арқылы автотасымалдау қызметіне тапсырыс берген. Тасымалдау қызметінің бағасын талқылап, ол кілтті көлік жүргізушісіне тапсырған. Алайда, келісілген мерзімде автокөлік жеткізілген жоқ", – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында полицейлер осы қылмысқа қатысы бар екі ер адамды ұстады. Автокөлік заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: