Жаңалықтар тізбегі
0

Қайырымдылық жасағың келсе, жүгіруге асық

Samruk-Kazyna Trust марафон ұйымдастырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2024 15:54 Сурет: Samruk-Kazyna Trust
1 маусым Астанада өтетін "Charity Samruk Marathon 2024" марафонында жиналған барлық қаражат әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін "Samruk-Kazyna Trust" қайырымдылық қорына аударылады. Мыңдаған желаяқтың бас қосатын игілікті шараның басты ұраны – "Күшіміз бірлікте!" болып отыр.

Аталған ауқымды шараға samrukmarathon.kz сайтында тіркелуге болады.

Ұйымдастырушылар жүрегі жомарт әрі салауатты өмір салтын ұстанатын кез-келген қазақстандық жүгіруге қатыспаса да, жоғарыда көрсетілген сілтемеде ізгілік жарнасын жіберу арқылы ірі көлемде қайырымдылық жасауға, қиын жағдайда қалған отандастарына қол ұшын созуға үлес қоса алатындарын айтады.

Samruk-Kazyna Trust марафон ұйымдастырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2024 15:54

Сурет: Samruk-Kazyna Trust

"Биыл негізгі бағыт ретінде инклюзия мәселелерін басты назарда ұстап отырмыз. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 37 оңалту орталығы, 11 спорт кешені және 26 спорттық-ойын алаңы ашылды. Сондай-ақ, Қордың күшімен еліміздің 23 қаласында ерекше мың балаға арналған 90 бейімделген спорт секция жұмыс істеп тұр. Қор бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырады. Осы орайда, баршаңызды қайырымдылық марафоны арқылы ерекше балаларға қамқорлық көрсетуге шақырамын", - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Samruk-Kazyna Trust марафон ұйымдастырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2024 15:54

Сурет: Samruk-Kazyna Trust

Марафоншылар 5 және 10 шақырым қашықтықтарға жүгіреді.

Samruk-Kazyna Trust марафон ұйымдастырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2024 15:54

Сурет: Samruk-Kazyna Trust

Балаларға да 400 және 1000 метрлік қашықтықтар қарастырылған.

Samruk-Kazyna Trust марафон ұйымдастырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2024 15:54

Сурет: Samruk-Kazyna Trust

"Самұрық-Қазына" компаниялар тобының "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры тек 2023 жылы 7,2 млрд теңгеге 46 қайырымдылық жобаны жүзеге асырса, жыл басынан бері 16,5 млрд теңгеге 10 жобаны қаржыландырған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: