Жаңалықтар тізбегі
0

Көп бала асырап алған Мұрат: арасында орыс, украин, түркмендер де бар, бірақ бәрі қазақша сөйлейді

Көп бала асырап алған ақмолалық, Павлодар, кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2024 22:58 Сурет: pexels
16 бала асырап алған ақмолалық отағасы, "Бала отбасында өмір сүруі керек" қоғамдық қозғалысының белсенді мүшесі Мұрат Қабылбаев Павлодарға ат басын тіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бала асырап алған отбасыларды қаржылық қолдау мәселесі көтерілген кездесуге Ақмола облысынан келген "Маған аспанды көрсетші" кітабының авторы қатысып, өз оқиғасымен және тәжірибесімен бөлісіп, аталған жайтқа қатысты көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Мұрат Қабылбаев - Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Кенесары ауылының тұрғыны. Бүгінгі күні 17 бала тәрбилеп отыр. Айта кетерлігі, оның 16-сы - асыранды.

"Жұбайым екеуміз 2001 жылы шаңырақ көтердік. Он жылдай баламыз болмады. 2011 жылы Ибраһим деген ұлымыз өмірге келді. Бала асырап алуды ұлымыз екі жасқа толған кезде нақты шештік. Сол жылы үйімізде маңдайында жеті деген саны бар бұзау  төлдеді. Сонымен, жеті балаға пана боламыз деген шешімге келдік", – деді Мұрат Қабылбаев.

Сол жылы, көп балалы отбасы төрт баланы асырап алса, жарты жылдан кейін үш баланы бауырына басқан. Кейін Алматы қаласында балалар үйі жабылып жатқанда екі егіз баланы алу үшін өтініш берген.

"Кейін тағы төрт бала Астанадан алдық. Ал, екі жыл бұрын Бурабай ауданында төрт бала жетім қалып, аудан әкімдігі оларды отбасымызға алу туралы қолқа салды. Сонымен сол жылы отбасымыз тағы төрт балаға толықты. Біздің отбасымызда орыстар, украиндар, қазақтар, түркмендер бар. Бірақ бәрі қазақша сөйлейді", – деді ол.

Асырап алған балалардың ең кішісі бесте, ал ең үлкені - 23 жаста. Төлеген есімді ұлдары Павлодар қаласындағы Торайғыров университетінде қазақ филология факультетінде оқиды.

Сонымен қатар, Мұрат Қабылбаев өзінің қазіргі үлкен отбасының түрлі кезеңі мен сәттерін әңгімелейтін күнделігінен "құралған" "Маған аспанды көрсетші" кітабын жарыққа шығарған.

Айта кетсек, көп балалы әкенің ұлы Төлеген Булкин TikTok желісінде "Сары бала" атымен танымал. Әлеуметтік желіде тікелей эфирде Құран оқып, желі қолданушыларын таңғалдырған. Бүгінде оның аталған әлеуметтік желісінде 30 мыңға жуық жазылушысы бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: