21 мамырда Алматыда сирена қосылады
Сурет: pxhere
21 мамыр күні сағат 10.00-де Алматыда сирена естіледі. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті ескерту жүйесін тексереді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Баршаның назарына!" халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізу және сейсмикалық жаттығудың басталуы туралы хабардар етіледі.
"Сонымен қатар, сирена-дыбыс қондырғылары іске қосылған кезде білім беру ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін әзірлей отырып, объектілік сейсмикалық дайындық жүргізіледі".
Алматыда соңғы рет 23 ақпанда жалпықалалық сейсмикалық дайындық жүргізілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript