Балқаш көліндегі су деңгейі тағы 8 см-ге көтерілді
Сурет: wikimedia
Балқаш көліндегі су деңгейі тағы 8 см-ге көтерілді. Бұл туралы 2024 жылдың 20 мамырында Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см-ге көтерілді. Айта кетейік, трансшекаралық Іле өзенінен көлге су жіберу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Осыған дейін су деңгейі 15 см-ге артып, 1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 182 см-ге көтерілді.
Осылайша, жыл басынан бері Балқаштағы су деңгейі 23 см-ге көтерілді.
"Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін 4 гидробекетте: Сарышаған, Қарақұм, Балқаш және Мыңарал бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар, БҚО-ның Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су барды, Каспий теңізіне тағы 200 млн текше метр су жіберілді, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының ауылшаруашылық алқаптарына су жіберу жалғасып жатыр", - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Бұған дейін Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі бірегей 5 гидротехникалық құрылысты атаған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript