Қызылордада мұғалімнің үйінен есірткі табылды
Сурет: pixabay
Ол біраз уақыт Есірткіге қарсы бизнес басқармасы қызметкерлерінің бақылауында болған. Күмән тудырған азаматтың үйін тінту барысында психотроптық есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленді.
Және сатуға ыңғайлап, дайындап қойған.
Қалаға қарасты елдімекендегі мектепте еңбек еткен мұғалім бір апта бұрын жұмыстан босатылыпты, деп жазады qazaqstan.tv.
Оның есірткі бизнесімен қай кезден бастап айналысып жүргені әзірге белгісіз, тергеу жүріп жатыр.
"Сараптама қорытындысымен тәркіленген зат салмағы 261 гр. "a-PVP" психотроптық заттарға жататыны бекітілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасуда." Ілияс Жұмағұлов, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript