20 мамырдағы түскі саудада валюта бағамы белгілі болды

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2024 16:11 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 0,15 теңгеге көтеріліп, 443,72 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 61,38 теңгені (+0,07) құрады.

Ұлттық банк еуроның бағамын 480,51 теңге, рубльді 4,88 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 442,9-444,5 теңгеге, еуро 481-485 теңгеге, ресей рублі 4,85-4,93 теңгеге сатылуда.

Ал 20 мамырдағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында шілдедегі Brent фьючерстерінің құны 0,19%-ға өсіп, барреліне $84,14 құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері шілде айына 0,10%-ға өсіп, барреліне 79,66 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: