29 мамырдағы саудада доллар өсті
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 1,17 теңгеге көтеріліп, 442,85 теңгені құрағанын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 60,96 теңгені (+0,02) құрады.
Ұлттық банк еуроның бағамын 480,27 теңге, рубльді 4,99 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 442,7-444,3 теңгеге, еуро 479,5-483,5 теңгеге, ресей рублі 4,91-4,99 теңгеге сатылуда.
Ал, 29 мамырдағы аукционда әлемдік мұнай бағасының өсуі жалғасуда.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында тамыз айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,7%-ға өсіп, барреліне $84,53 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстерінің шілде айындағы бағасы 0,78%-ға қымбаттап, барреліне 80,45 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript