Павлодарда әдеп жөніндегі уәкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Тексеру қорытындысы бойынша аталған ведомствоның әдеп жөніндегі уәкілі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 498-бабының 1-тармағымен өтініштерді қарау кезінде мемлекеттік құқықтық статистиканы бұрмалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Комитеттің облыстық департаментінің хабарлауынша, осы жылғы бірінші тоқсанында тексерулер мен талдаулардың қорытындысы бойынша осыған ұқсас бұзушылықтар үшін 38 лауазымды тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 15-і түрлі деңгейдегі басшылар болды.
Еске салайық, 2021 жылғы шілде айынан бастап азаматтардың өтініштерін қараудың ашықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ оларды есепке алудың дұрыстығын қамтамасыз ететін e-Otinish ақпараттық жүйесі енгізілді.
Кез келген бұрмалаушылықтарға, оның ішінде мемлекеттік органдардың ойдан шығарылған игілігін жасау мақсатында жол берілмейді, ол үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.