Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ауқымды жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтті

Алматыда ауқымды жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2024 18:28 Сурет: видео скрині/ТЖМ
Бүгін, 21 мамырда Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдайларда іс-әрекетке дайындық деңгейін арттыру, эвакуация маршруттарын, қауіпсіз орындарды алдын-ала анықтап, дабыл чемодандарын дайындау.

Қалада барлығы 16 пысықтау обьектілері  анықталды:

"КарлсбергҚазақстан" ЖШС химиялық қауіпті объектісінде аммиак шығарумен байланысты химиялық аварияны жою бойынша іс-шаралар пысықталды.

Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясының базасында баспанасыз қалған адамды қабылдау пункті, шатырлы лагерь мен далалық ас үй ашылды, алғашқы көмек көрсету бойынша түрлі әрекеттер көрсетілді.

Құлагер шағынауданының көппәтерлі тұрғын үйінде өртті сөндіру бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ биік қабаттардан зардап шеккендерді құтқару элементтері пысықталды.


Орталық стадионда лагерь, далалық ас үй, сондай-ақ медициналық көмекке арналған модульдік медициналық госпиталь орналасқан.

ЖЭО-1 және "Алматытеплокоммунэнерго" ЖШС қауіпті өндірістік объектілерде төтенше жағдайды жою бойынша іс-қимылдар пысықталды.

Адамдарға қызмет көрсететін қаланың әлеуметтік нысандарының базаларында ТЖД жеке құрамын және Алматы гарнизонының әскери қызметшілерін тарта отырып, ерекше адамдарды (мүмкіндігі шектеулі жандарды)  қауіпсіз орындарға эвакуациялау бойынша іс-шаралар өткізілді.

Айта кету керек, барлық мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында, ауруханаларда, емханаларда, сауда орталықтарында және көпқабатты тұрғын үйлерде сейсмикалық жаттығу өтті.

"Жалпы, Алматы қаласының сейсмикалық белсенділігін ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға және "Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды" есте сақтауға шақырамыз. Жалпы қалалық сейсмикалық жаттығуларға азаматтық қорғау қызметтерінің және Алматы гарнизонының әскерелерінің жеке құрамы 1100 адам мен 60 бірлік техника тартылды", - деп хабарлады ведомство.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: