Алматыда 17 қазанда жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар өтеді

Алматыда 17 қазанда сағат 10.00-де жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар өткізіледі, оның аясында Mass Alert халықты жедел құлақтандыру жүйесі сынақтан өтеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2024 10:02 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 17 қазанда сағат 10.00-де жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар өткізіледі, оның аясында Mass Alert халықты жедел құлақтандыру жүйесі сынақтан өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сейсмикалық жаттығулар теле- және радиохабар тарату арналары автоматты түрде үзіп, "Баршаның назарына!" деген сигналдан соң сирена-қондырғыларды қосу, сондай-ақ телефондарға хабарлама жіберу арқылы басталады. Сигналды алғаннан кейін ғимараттан ашық алаңға шығу керек.

Сейсможаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге дайындығын арттыру және қауіпсіз орындарға бару бағыттарын пысықтау.

Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы тұрғындарды үрейленбеуге және сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: