Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 17 қазанда жедел құлақтандыру жүйесі тексеріледі

Алматыда 17 қазанда Mass Alert жедел құлақтандыру жүйесі сынақтан өткізіледі. Енді бұл құлақтандыру iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға да қолжетімді болады., сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2024 12:55 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 17 қазанда Mass Alert жедел құлақтандыру жүйесі сынақтан өткізіледі. Енді бұл құлақтандыру iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға да қолжетімді болады.

Мобильді құрылғы пайдаланушыларына "Ұлттық құлақтандыру" белгісімен сынақ туралы хабарлама жіберіледі, ал кейбір Android операциялық жүйесі бар құрылғыларға "Президенттік құлақтандыру" белгісімен ескерту түседі.

Хабарламалар "Ұлттық құлақтандыру" немесе "Президенттік құлақтандыру" деген тақырыппен келеді, себебі халықаралық сипаттамаға сәйкес, телефон өндірушілерінің барлығы тесттік немесе жедел құлақтандыруды мемлекеттік органдар іске қосқанда, операциялық жүйелерінде осындай атаулар қолданады.

Алматылықтар мен қала қонақтарына алаңдаудың қажеті жоқ, себебі бұл жай ғана сынақтан өткізу.

Айта кету керек, iPhone құрылғыларының иелері iOS 18 бағдарламалық жасақтамасы болса ғана ескерту алады.

Осыған байланысты алматылықтар мен қала қонақтарына құрылғыларын iOS 18 жүйесіне жаңарту қажет. Егер құрылғы автоматты түрде жаңартылмаса, оны "Баптаулар – Негізгі – Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту" деп өзі жаңарту керек.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 31 мамырда бірінші кезеңде Android операциялық жүйесі бар құрылғыларға сынақтан өткізу жүйесі жүргізілді. Екінші кезеңде iOS құрылғыларының пайдаланушылары электрондық құлақтандыру жүйесіне қосылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: