Павлодарда зорлау ісі бойынша дәлелдерді бұрмалаған экс-полицейлер сотталды
Павлодар қаласы № 2 сотында облыс орталығының полиция басқармасы солтүстік полиция бөлімінің тергеушісіне қатысты кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалау фактісі (ҚК 416-б. 6-б.), сондай-ақ, осы полиция бөлімінің жедел уәкілі аталмыш іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалауға көмектесу фактісі бойынша (ҚК 28-б. 5-б. - 416-б. 6-б.) істер қаралды.
Тергеуші кәмелетке толмаған жәбірленушінің және оның заңды өкілінің айғақтарын хаттамаларда, дәлелдемелерді бұрмалаған. Сонымен қатар, ол қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты істі кейіннен заңсыз тоқтату мақсатында тергеу кезінде басқа күндерді көрсетті.
Сондай-ақ сот кәмелетке толмаған жәбірленушіден қосымша жауап алу хаттамасындағы адвокат пен педагогтің қойған қолдары жалған екенін анықтады.
Өз кезегінде жедел уәкіл осы қылмысты жасау үшін барлық қажетті жағдайларды жасаған, атап айтқанда: кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілін бұрмаланған айғақтармен қосымша жауап алу хаттамасына қол қоюға, сондай-ақ басқа кәмелетке толмаған балалардан жауап алудан бас тарту туралы арыз жазуға көндірді.
Нәтижесінде тергеуші қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы заңсыз процессуалдық шешім қабылдады.
Жазаны тағайындау кезінде сот сотталушылардың іс-әрекеттеріне өкінуін, бірінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылуын, жәбірленушілерге келтірілген залалды толық көлемде өндірілуін және олар сотталушыларды бас бостандығынан айырмауды сұрауын, сотталушылардың кішкентай балалары бар екенін ескерді.
"Сот әрқайсысына 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Екеуіне де жауапкершілік жүктеле отырып, 5 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді. Екеуі де 5 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды", - деп хабарлады қалалық № 2 сотының баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, И. "полиция аға лейтенанты" арнаулы атағынан, С., "полиция капитаны" арнаулы атағынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.