Ақтөбе облысында жол апатынан екі қырғызстандық зардап шекті

22 мамырда Ақтөбе облысындағы Самара – Шымкент тасжолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz .
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, апат салдарынан Қырғызстанның екі азаматы түрлі дене жарақатын алған.
"Оқиға орнында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері Қырғызстан Республикасының азаматтары болған науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетті, содан зардап шеккендер аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript