ШҚО полицейлері 3 млн теңге қарызы бар борышкерді анықтады

ШҚО полицейлері 3 млн теңге қарызы бар борышкерді анықтады , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 14:07 Сурет: Zakon.kz
Борышкердің орналасқан жерін өз бетінше іздестіру мүмкін болмаған соң, олар тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген.

ШҚО полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы 3 миллион теңге көлемінде қарызды өтеуден жалтарған 42 жастағы борышкерді іздеп тапқан.

Енді сот орындаушысы пайда болған берешек бойынша өндіріп алумен айналысады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері 80-нен астам борышкерді анықтаған.

Облыс ПД көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңмен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: