ШҚО-да полицейлер 4 млн теңге қарызы бар борышкерді анықтады

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2026 13:41 Фото: Zakon.kz
Өскемен қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының борышкерді іздестіру туралы қаулысы келіп түсті.

Белгілі болғандай, 2025 жылдың наурыз айынан бастап азамат қала тұрғыны алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтарып келген, қарыз сомасы 4 миллион теңгеден асқан.

Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметкерлері 61 жастағы борышкер әйелдің орналасқан жерін анықтады. Қазіргі уақытта материалдар қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау үшін сот орындаушыларына жолданды.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті іздеуде жүрген 35-тен астам борышкерді тапқан.

Полиция атқарушылық құжаттардың талаптарын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді, сондай-ақ азаматтарды қосымша санкцияларға жол бермеу үшін өз міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: