Павлодар облысының тұрғыны сібір елігін заңсыз аулағаны үшін сотталды

Павлодар облысының тұрғыны сібір елігін заңсыз аулағаны үшін сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 19:08 Сурет: pixabay
Павлодар облысының тұрғыны сібір елігін заңсыз аулағаны үшін бір жарым жылға бас бостандығынан және аң аулау құқығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы Железин ауданының 45 жастағы тұрғыны бір бас сібір елігін заңсыз аулағаны үшін сотталып, пробация қызметіне тіркелді. 

Пробация бөлімінің бастығы Айбек Айтчановтың айтуынша, 2024 жылғы қаңтарда жабайы аңды атуға арнайы рұқсатсыз, жануардың бұл түрін аулауға тыйым салынғанын біле тұра, ер адам сібір елігін атқан. 

Мемлекетке келтірілген шығын 1 миллион 500 мың теңге болды.

"Сотталған адам оны толық өтеген. Ер адамды дәл сол мерзімге аң аулау құқығынан айырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы қарастырылған", - делінген хабарламада. 

Железин аудандық сотының үкімімен тегіс ұңғылы қару мемлекет пайдасына тәркіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: