Алматы облысының үш азаматы Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны үшін сотталды
Фото: pexels
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 09.10.2025 жылы Балқаш ауданының үш тұрғыны ҚР Қызыл кітабына енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны және атқаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімі бойынша сотталушылардың әрқайсысына 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайынды, сондай-ақ, мемлекет пайдасына 7 миллион теңге өндірілді.
Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы облысының соттары заңсыз аңшылық фактілері бойынша 5 қылмыстық істі қарады, 10 адам әртүрлі жаза түрлеріне тартылды, олардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 36 млн теңгені құрап, мемлекет пайдасына толық көлемде өндірілді.
Алматы облысының прокуратурасы заңсыз аңшылық үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді (ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы).
Табиғатты қорғау – біздің ортақ міндетіміз, балаларымыз бен немерелеріміз үшін табиғи байлықты сақтайық.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript