Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның бірнеше өңірінде ертең үсік болады

Қазақстанның бірнеше өңірінде ертең үсік болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2024 20:42 Сурет: unsplash
Синоптиктер ертең, 25 мамырда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кейде 23 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, күңдіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертен облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күңдіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақытта 23 м/с. 

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда найзағай. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с. 25-26 мамырда облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз кей уақыттарда күші 15-20 м/с. 

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с.

Алматыда түнде найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 15 м/с. 

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батыстан ауысып соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Абай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Павлодар облысының шығысында, орталығында қатты жаңбыр, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с. 

Атырау облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 25 мамырда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында 15-20 м/с, күндіз облыс бойынша кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында 2 градус үсік күтіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: