Жаңалықтар тізбегі
0

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов туралы не білеміз

Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына — 100 жыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2024 15:40 Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін "Халық қаһарманы" атағының тұңғыш иегері, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қорғаныс министрі, Қарулы күштердің құрылуы мен қалыптасуына ықпал еткен армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына — 100 жыл, деп хабарлайды Zakon.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Сағадат Қожахметұлы соғыс жылдары Краснодар өлкесін, Украинаны, Молдованы, Батыс Беларусь пен Польшаны азат етуге қатысты. Оның батальоны Гитлердің Рейх канцеляриясының ғимаратына жасалған шабуылға да қатысқан. 20 жасында Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, "Алтын жұлдыз" табыс етілді.

Сағадат Нұрмағамбетов ержүрек жауынгер ғана емес, шығармашыл адам болған. Оның қаламынан туған "Лицом к огню", "Мой передний край", "От огненных лет до суверенной армии", "А в памяти нет тишины" деген естелік кітаптары бар. Бүгінде қаһарманның есімі Қазақстан қалаларындағы көшелерге және әскери оқу орындарына берілген. Оның құрметіне ескерткіштер, мемориалдық тақталар орнатылып, музейлер ашылды.

Батыр жайлы "Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат" атты фильм түсірілген болатын. Бұл фильм 2016 жылы Севастопольде өткен ХІІ Халықаралық деректі фильмдер мен телебағдарламалар кинофестивалінде үздік портреттік очерк сыйлығын жеңіп алды.

Еске салайық, бүгін, 25 мамырда Ақкөл қаласында Сағадат Нұрмағамбетовке ескерткіш қойылғанын жазған едік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: