"Ақтөбе-Қандыағаш" автожолының жөндеу жұмыстары қашан аяқталады

"Ақтөбе-Қандыағаш" автожолының жөндеу жұмыстары қашан аяқталады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2024 12:21 Сурет: Telegram/qazavtojol
"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ ұлттық компаниясы "Ақтөбе-Қандыағаш" автожолының 11-100 шақырымдағы учаскесінде қайта жаңару жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан бері құрылыс нысанында 125 мың тоннадан аса асфальтобетон қоспасы қолданылып, ол 30 мың шақырымға жуық жолды салуға мүмкіндік берді.

"Жобаны аяқтау 2024 жылдың соңына жоспарланған"."ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі

Сурет: Telegram/qazavtojol

Қайта жаңару жұмыстарының жоспары бойынша 96 шақырым автожол жаңартылып, оның ішінде 78 шақырымы Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына дейін төрт жолақты І-Б техникалық санатына ауыстырылады. Тағы 18 шақырымы Қандыағаш қаласын айналып өтетін ІІ техникалық санаттағы екі жолақты болып жабдықталмақ.

Сурет:

"Аталмыш жол учаскесіндегі қайта жаңару жұмыстары Ақтөбе және Атырау облыстары арасындағы көлік логистикасын жақсартуға, жолдың техникалық параметрлерін оңтайландыруға, жол жүру уақытын қысқартуға және оның өткізу қабілетін арттыруға әкеледі",- деп хабарлады ведомство.

Қайта жаңару жұмыстарының жоспары бойынша 96 шақырым автожол жаңартылып, оның ішінде 78 шақырымы Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына дейін төрт жолақты І-Б техникалық санатына ауыстырылады. Тағы 18 шақырымы Қандыағаш қаласын айналып өтетін ІІ техникалық санаттағы екі жолақты болып жабдықталмақ.Ал, осы жазда Қарағанды облысында 571 км автожол жөнделеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: