Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған велосипедші баланы қағып кетті

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2024 15:11 Сурет: ҚР ІІМ
Ақтөбеде Toyota автокөлігінің жүргізушісі көпқабатты үйдің ауласынан шығу кезінде тұрғын аумақта велосипедпен жүрген балаға жол бермей, оны қағып кетті.

ЖКО салдарынан бірінші сынып оқушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

"Көлік жүргізушілері ауладан шығу кезінде қасынан велосипедшінің өтетініне дайын болуы керек. Велосипедші жаяу жүргіншіге қарағанда жылдамырақ, өйткені ол шамамен 20-30 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Әсіресе іргелес тұрған үйлердің арасы немесе арка арқылы шығу кезінде жүргізушіге барынша мұқият болу қажет. Себебі мұндай жағдайларда велосипедшіні алдын ала байқау мүмкіндігі өте аз, дәлірек айтқанда, тіпті нөлге тең", – деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта облыс аумағында балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған "Назар аударыңыз, балалар" акциясы өтіп жатыр.

Шара аясында полиция қызметкерлері оқушылармен профилактикалық кездесулер өткізіп, жолдардағы қауіпсіз мінез-құлық туралы әңгімелейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: