Бас прокуратура Энергетика министрлігінің қызметіндегі заң бұзушылықтарды анықтады

Бас прокуратура Энергетика министрлігінің жобаны инвестормен келісуді кешіктіргенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас прокуратура мен "Kazakh Invest" ҰК" АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы шеңберінде Батыс Қазақстан облысында метанол өндірісі бойынша газ-химия кешенін салу жобасын іске асыратын отандық инвестордың проблемасы анықталды.
Атап айтқанда, Энергетика министрлігі заң талаптарын бұза отырып (15 жұмыс күнінің орнына) инвестициялар туралы келісім жобасы бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі Комиссияны құру мерзімін 60 күнге дейін созған.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Энергетика министрлігінің департамент директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript