Бас прокуратура автомобиль жолдары саласында жемқорлық фактілерін анықтады

Жол жөндеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2022 17:50 Сурет: Zakon.kz
Бас прокуратура автомобиль жолдары саласында жемқорлық фактілерін анықтады. Құзырлы мекеме жүргізген тексеру барысында «Қазгерстрой» ЖШС-нің 43,4 млрд теңгені жымқырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ 600 миллионнан астам қаражат тиімсіз жұмсалған. Жобалау-сметалық құжаттаманы жасау кезінде шенеуніктер бағаны негізсіз көтеріп, 70-ке жуық жалған сертификат пайдаланылғаны анықталды.

Қазір барлық заңбұзушылықтар тексеріліп, 23 қылмыстық іс қозғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеуді жалғастырады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: